5 сағат бұрын
«Қайрат» - «Реал Мадрид» ойынын қанша адам тамашалады?

Алматылық «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев мәлімдегендей, УЕФА алматылық клубқа Мадридтің «Реалымен» өткен Чемпиондар лигасы матчының жоғары телерейтингі үшін қомақты төлем жасайды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Біз дүйсенбі күні УЕФА-дан ресми кері байланыс алдық. Белгілі болғандай, бұл ойынды 220 миллион адам көрген. Қазақстан Еуропа мен Азияның уақыт белдеулерінің ортасында орналасқандықтан, Еуропада матч ерте көрсетілді. Ал басқа ойындар төрт сағат кейін басталды. Азияда әлі кеш болмағандықтан, көрермен көп болды. Бізге айтқандай, кез келген «Реал» матчын орта есеппен бір миллиард адам көреді екен», - деді Қайрат Боранбаев.
Еске сала кетсек, матч 30 қыркүйекте Алматыда өтті және испандық клуб 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
