4 сағат бұрын
Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубының неше түлегі Қазақстан чемпионатында ойнайтындығын айтты

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Футбол жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында «Қайрат» академиясы жайлы тілге тиек етті, деп хабарлайды Sport12.kz
«Жыл басында сараптама жүргіздік. Нәтижесінде «Қайрат» клубының академиясынан шыққан 160-тан астам түлек Қазақстанның Премьер-лигасы, Бірінші лигасы, Екінші лигасы және тіпті әуесқой лигада да доп тебетіндігі белгілі болды. Бұл кейінгі 12 жылдың қорытындысы. Әр жыл сайын 23-25 түлектің шығатынын есептесек, бірі жарақат алып, футболды тастауы мүмкін. Бірінің жолы болуы мүмкін. Міне, біздің нәтижеміз», - деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, «Қайрат» клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Енді олар 21 қазан күні өз алаңында Кипр чемпионы «Пафосты» қабылдайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
