4 сағат бұрын
Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізді

Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Ташкентте Өзбекстанның жастар құрамасына (U-20) қарсы екінші жолдастық кездесуін өткізіп, 3:1 есебімен жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің басы қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Олар 8-минутта есеп ашып, алға шықты. Алайда бұл басымдықты ұстап тұру мүмкін болмады. Өзбекстандықтар 13-минутта таразы басын теңестіріп, кейін тағы екі гол соғып, матчтың есебін 3:1 етіп тіркеді.
Айта кетейік, осыған дейін өткен алғашқы жолдастық ойында да Қазақстан жастар құрамасы 0:1 есебімен Өзбекстаннан жеңілген болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
