7 сағат бұрын
Асхат Қаженов: Ұяты бар бапкер өз еркімен қызметінен кетеді

Фото. sports.kz
Белгілі спорт журналисі Асхат Қаженов футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамоновтың қызметінен кетуі керек деп санайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Мына жақта ересектер құрамасы енді-енді бір жүйеге түсіп жатса, ана жақта жастарымыз шәйіп жатыр. Денис Мамонов баптайтын 21 жасқа дейінгі ұлттық құрама қатарынан төрт рет жеңілді. Яғни, қос мәрте Өзбекстан құрамасынан жолдастық кездесуде ұтылсақ, оған дейін Англия және Андорра командаларына ресми ойындарда есе жібердік. Басқа-басқа Андоррадан жеңілгеніміз масқара. Ұяты бар бапкер болса, осыдан кейін өз еркімен қызметінен кетуі керек еді. Бірақ, әзірге ондай мәлімдеме естімедік. Екінші жағынан, неге екенін білмеймін, бәрі осы кісіден ығатын сияқты. Бетіне айтуға қорқады. Ендеше, мен айтайын. Денис, қазақ футболы сіздің жеке меншігіңіз емес. Әсіресе, ертең аға буынның ізін басатын резервтің обалына қалмаңыз! Қабілетті жігіттердің жолын байламаңыз! Команданы жеңілістермен қорламаңыз! Елімізде сізден басқа да тізгінді ұстай алатын маман жетеді. Сондықтан, өзіңізді де, жігіттерді де, оның артында қазақ жанкүйерлерін де қинамай кете қойыңыз. Жолыңыз болсын, - деп жазды ол.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
