3 сағат бұрын

The Guardian сайты Дастан Сәтпаевтың бағасына қатысты пікір білдірді

The Guardian сайты Дастан Сәтпаевтың бағасына қатысты пікір білдірді

Британдық The Guardian басылымы жартылай қорғаушы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челси» клубына 4 миллион еуроға ауысуын өте тиімді келісім деп бағалады, деп хабарлайды Sport12.kz

«Сәтпаев биылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық «Қайрат» командасының жарқыраған жұлдызы. Ол 2024 жылдың мамырында, 16 жасқа толуына үш ай қалғанда, Қазақстан премьер-лигасында дебют жасаған сәттен бастап үлкен үміт күттірді және сол үмітті ең маңызды сәттерде ақтады», — деп жазады The Guardian.

Басылымның жазуынша, «Челси» бұл келісімге риза болады. Себебі, Сәтпаевтың нарықтағы құны алдағы жылдары едәуір өседі деп күтілуде.

«Ол жылдамдықты, жоғары техникалық шеберлікті және өз жасынан әлдеқайда жоғары ойын көрсету қабілетін тамаша ұштастыра біледі. Футболшы «Челси» клубында Англия премьер-лигасында өзін толықтай көрсете алады деп сенеді. Сәтпаев командаға 2026 жылдың тамыз айында қосылады», — деп атап өтті басылым.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев осы маусымда 37 ойынға қатысып, 16 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Черногорияда таеквондодан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль алды

Басқа 32 минут бұрын

Черногорияда таеквондодан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті 

Футбол 38 минут бұрын

Конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті 

WADA президенті Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты

Басқа 42 минут бұрын

WADA президенті Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты

Бокстан Қазақстан чемпионатында Олимпиада жүлдегері жеңіліс тапты

Бокс 2 сағат бұрын

Бокстан Қазақстан чемпионатында Олимпиада жүлдегері жеңіліс тапты

Астанада жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы өтеді

Басқа 2 сағат бұрын

Астанада жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы өтеді

Cергей Семак: «Қайраттың» ойынын бақылаймыз

Футбол 2 сағат бұрын

Cергей Семак: «Қайраттың» ойынын бақылаймыз