3 сағат бұрын
Атырауда салынатын жаңа стадионның ерекшелігі белгілі болды

Фото: Атырау облысының әкімдігі
Атырау қаласында бой көтерін жаңа стадион жасанды көгалмен жабдықталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде жергілікті әкімдіктің Tengri Sport сайтына берген жауабында айтылған.
Жаңа стадион 12 мың жанкүйерге арналады. Бұл мақсатта Атырау қаласының жаңа бөлігінен жер телімі беріліп отыр. Стадион 12-14 ай ішінде пайдалануға берілмек. Спорттық нысан Еуропаның төртінші халықаралық стандатына сай келеді.
Жобаның тапсырыс берушісі - Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан салынбақ.
Қазіргі таңда аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасауға тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Нысанның жер учаскесі - 7,7 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы - 35 000 шаршы метр.
Айта кетсек, қазірге Алматы, Шымкент, Семей қалаларында жаңа стадионның құрылысы басталғаны жөнінде хабар тарады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
