3 сағат бұрын
Конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Астана қаласында «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден биылғы Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шешуші жарыс күні спортшылар 1500 метрде халықаралық турнирлерге кім баратынын анықтады.
Әйелдер, 1500 м:
1. Надежда Морозова (СҚО)
2. Кристина Шумекова (СҚО)
3. Арина Ильященко (Павлодар облысы)
Ерлер, 1500 м:
1. Роман Биназаров (Қостанай облысы)
2. Александр Кленко (Қостанай облысы)
3. Демьян Гаврилов (Астана қаласы)
Командалық спринт (ерлер):
1. Астана қаласы (Ақжол Нұралы, Руслан Жанәділов, Азамат Сатқожа)
2. Алматы қаласы (Давид Кадыров, Михаил Матрюхин, Денис Мезенцев)
3. Аралас команда (Жаслан Олжабаев, Никита Молодых, Григорий Слесаренко).
Осы жарыс нәтижесінде Ұлттық құраманың бас бапкері Александр Панфилов алдағы әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын Қазақстан командасын жасақтады. Қорытынды тізім бүгін біраздан соң аға жаттықтырушылардың жиналысынан кейін жарияланады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
