4 сағат бұрын
Футбол жайлы «Offside» сериалына интернетте шабуыл жасалды

15 қазан күні футболдағы былықтар жайлы отандық «Offside» сериалының алғашқы бөлімі жарыққа шыққан еді. Алайда бір күннен кейін сериал өшірілді, деп хабарлады Sport12.kz
Бұл жайында Salem Entertainment әлеуметтік желіде жазба жариялады:
«Sәlem Entertainment шабуылға ұшырады
Бүгін, 16 қазан күні, YouTube-тағы «Пацанские истории» арнасына жаппай бот-шабуыл жасалды. Соның салдарынан «Offside» жобасының алғашқы бөлімі платформадан жойылды.
Сондай-ақ, «Offside» сериалының авторы Рүстем Омаровтың Instagram-парақшасы да бұғатталды.
Қазіргі уақытта Sәlem Entertainment командасы арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Offside» жобасының әрі қарай көрсетілімін жалғастыру үшін барлық шараларды жасап жатыр», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек Рүстем Омаровтың да парақшасы бұғатталғаны белгілі болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
