4 сағат бұрын
«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы матчтан кейін өмірден озды

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 25-турында қайғылы жайт тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Хан-Тәңірі» клубының негізгі құрамында алаңға шыққан Диас Төлеу 63-минутта алаңға жатып, өз еркімен тұра алмады. Артынша дәрігерлер оны зеңбілмен алып кетті. Белгілі болғандай, санаулы уақыттан кейін оның көз жұмғаны мәлім болды.
Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасады:
«Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды.
Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз.
ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Хан-Тәңірі» - «Екібастұз» арасындағы матч 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
