4 сағат бұрын

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы тарапынан «Хан Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің мезгілсіз қазасына байланысты оқиғаның мән-жайы анықталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.

- Федерация бірінші лигада өнер көрсететін «Хан Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүние салғаны туралы хабарлайды. Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы, - деп жазылған хабарламада.

Федерацияның хабарлауынша, ҚФФ бас хатшысы Давид Лория мен кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласына шұғыл аттанады.

- Алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе отырып, оқиғаны ресми тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылады.
Федерация бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған ақпарат пен алып-қашпа әңгімелерді таратпауға, марқұмның отбасы мен оның есіміне құрметпен қарауға шақырады, - деп толықтырды федерация.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстандық футбол клубтарында 100-ден аса заңбұзушылық анықталды

Футбол 4 сағат бұрын

Қазақстандық футбол клубтарында 100-ден аса заңбұзушылық анықталды

Инвесторлар бірінші лига клубтарына да қызығушылық таныта бастады

Футбол 4 сағат бұрын

Инвесторлар бірінші лига клубтарына да қызығушылық таныта бастады

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

Футбол 4 сағат бұрын

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

ҚХЛ: «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Хоккей 4 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Анна Данилина Қытайдағы турнирде 1/8 финалға шықты

Теннис 5 сағат бұрын

Анна Данилина Қытайдағы турнирде 1/8 финалға шықты

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы матчтан кейін өмірден озды

Футбол 6 сағат бұрын

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы матчтан кейін өмірден озды