5 сағат бұрын
Алматыдағы жаңа стадионның сыйымдылығы арта ма?

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда салынатын жаңа стадионның сыйымдылығын арттыру мәселесі әзірге толық шешілген жоқ, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір жанкүйерлер арасында стадионның сыйымдылығын тарттыруға байланысты ұсыныстар айтылуда. Өйткені, 2 млн халқы бар қалада мұндай сыйымдылықтағы стадион аздық етуі мгмкін.
Қалалық құрылыс басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта жобалауға бекітілген техникалық тапсырмаға және алдын ала әзірленген эскиздік жобаға сәйкес жаңа стадионның сыйымдылығы 35 000 орын деңгейінде анықталған. Сондай-ақ, ведомство құрылыс жұмыстарының басталу мерзімі әлі анықталмағанын атап өтті.
Жаңа стадионды Құлжа тас жолы мен Талғар тас жолының арасында салу жоспарланған. Жоба жүзеге асатын аумақтың көлемі шамамен 15 гектар. Бұл жер қаланың маңызды көлік-логистикалық торабына айналып, аренаны қалалық инфрақұрылымға тиімді кіріктіруге мүмкіндік береді. Мұндай шешім көрермендер мен қонақтарға ыңғайлы болуы үшін ірі спорт нысандарын көлік хабтарының маңына орналастыру жөніндегі әлемдік тәжірибеге сай келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
