9 сағат бұрын
ҚПЛ: «Атырау» сегізінші ойын жеңіліске ұшыраған жоқ

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 25-турындағы тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жолы «Атырау» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдаған еді.
Жеті ойын бойы жеңілмей, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алған атыраулық клуб бұл жолы сол сәттілік сериясын жалғастыруға тырысты. Ойын барысында олардың қатарынан Руслан Юденков 71-минутта есеп ашқаты. Оған елордалық клубтан Элгуджа Лобжанидзе 85-минутта бір голмен жауап берді.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Бұл турда алматылық «Қайрат» сырт алаңда петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.
Бүгін «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебімен тең түскен еді.
Ал 19 қазанда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тобыл» (Қостанай), «Астана» мен «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
