8 сағат бұрын

«Тұран» Премьер-лигадан түсіп қалды

«Тұран» Премьер-лигадан түсіп қалды

Фото: ҚФФ

Түркістандық «Тұран» командасы өз алаңында Семейдің «Елімай» клубына есе жіберіп, Премьер-лигадан түсіп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнир кестесінде соңғы орында тұрған түркістандық команда соңғы екі турда жеңіске жеткен жағдайда үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалатын еді. Есесіне «Елімай» үшін биыл төртінші орынға тұрақтауға мүмкіндік туып тұрған болатын. 

Семейлік клуб алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Олардың қатарынан Рамазан Оразов 6-минутта есеп ашса, одан кейін Ролон Кевин 9-минутта есепті үстемелей түсті.

Ал 15-минутта «Тұран» сапынан 15-минутта Бақдәулет Зульфикаров мергендік танытса, семелейлік клубтан Иван Свиридов 26-минутта гол соғып кетті. 

Сондай-ақ 43-минутта түркістандық клубтан Юрий Перцух гол соқса, семейлік клубтан Плакка Фессу 49, Роман Мұртазаев 72-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберген «Тұран» турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды. Олар үздіктер қатарында орнын сақтай ма? Бұл сауалдың жауабы алдағы турда шешіледі.

Аталған турда алматылық «Қайрат» сырт алаңда петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді. 

Айта кетсек, бүгін «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебімен тең түскен еді.

Ал 19 қазанда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тобыл» (Қостанай), «Астана» мен «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнайды. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды 

Басқа 5 сағат бұрын

Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды 

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Орталық Азия үздігі атанды

Хоккей 5 сағат бұрын

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Орталық Азия үздігі атанды

Токио Олимпиадасынан кейінгі оралу, чемпионның сүрінуі: Қазақстан чемпионатының 4-ші күні қалай өтті?

Бокс 5 сағат бұрын

Токио Олимпиадасынан кейінгі оралу, чемпионның сүрінуі: Қазақстан чемпионатының 4-ші күні қалай өтті?

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

Бокс 6 сағат бұрын

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

Даниил Медведев Almaty Open турнирінің финалына шықты

Теннис 6 сағат бұрын

Даниил Медведев Almaty Open турнирінің финалына шықты

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті