3 сағат бұрын
Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті

Фото: «Атырау» футбол клубы
«Атырау» командасының бас менеджері Дидар Сыдықбек қызметінен өз еркімен бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
- Әр нәрсенің басы мен соңы болады. Қиындықтарды артқа тастап, бүгінгі күні қуанышқа бөленіп ҚПЛде қалдық. Берген уәдемді орындап, сіздермен қоштасатын сәт те келді. Мен үшін әрдайым сөзімде тұру маңызды. Маған сенгендеріңізге алғысым шексіз. Атырау менің жүрегімде, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, ол наурыз айында аталған қызметке тағайындалған еді. Ол қызметіне келген уақытта атыраулық клубта небәрі бес ұпаймен көш соңында тұрған еді.
Алматы қаласының тумасы футболшы ретінде «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады. Мансабын аяқтаған соң бірқатар салада қызмет атқарды.
Футболдағы басшылық қызметін SD Family Group директоры ретінде бастап, Қазақстан Медиа-футбол федерациясының президенті деңгейіне дейін көтерілді.
Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы жүргізген «Алаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі ретінде еңбек етті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
