5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Тобыл» екінші орын алу мүмкіндігін сақтап қалды

ҚПЛ: «Тобыл»  екінші орын алу мүмкіндігін сақтап қалды

Фото: ҚФФ

 Қостанайлық «Тобыл» командасы футболдан қазақстан Премьер-лигасы ХХV турында сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» тізе бүктірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қостанайлық команда ел чемпионы атанудан шет қалды. Десе де олардың әлі де екінші орын алуына мүмкіндігі бар. Сондықтан олар бүгінгі кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салды.

Кездесу барысында талдықорғандық клубтан Сослан Такулов 4-минутта есеп ашқан еді. Оған қостанайлық командадан Марко Вукчевич 55, Николай Сигневич 66-минутта екі голмен жауап қайырды. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, екінші орын алу мүмкіндігін сақтап қалды.

Дәл қазір «Астана» мен «Ақтөбе» кездесуі өтіп жатыр. Ал 18:00-де «Ордабасы» (Шымкент) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнайды.

Аталған турда алматылық «Қайрат» сырт алаңда петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді. 

Айта кетсек, бүгін «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебімен тең түссе, түркістандық «Тұран» өз алаңында семейлік «Елімайға» 3:6 есебімен есе жіберді. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Бокстан Қазақстан чемпионатында қай өңірден қанша спортшы шықты?

Бокс 20 минут бұрын

Бокстан Қазақстан чемпионатында қай өңірден қанша спортшы шықты?

Бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалға кімдер жетті?

Бокс 29 минут бұрын

Бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалға кімдер жетті?

«Астана» мен «Ақтөбе» кездесуінде жанкүйерлер саны жөнінен рекорд жаңарды

Футбол 1 сағат бұрын

«Астана» мен «Ақтөбе» кездесуінде жанкүйерлер саны жөнінен рекорд жаңарды

Өзбекстаннан келген боксшы жүлдеге ілікті

Бокс 2 сағат бұрын

Өзбекстаннан келген боксшы жүлдеге ілікті

Таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын аяқтады

Басқа 2 сағат бұрын

Таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын аяқтады

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы ойын көрсетуін бастады

Басқа 2 сағат бұрын

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы ойын көрсетуін бастады