5 сағат бұрын
«Астана» мен «Ақтөбе» кездесуінде жанкүйерлер саны жөнінен рекорд жаңарды

Фото: KFF League
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 25-турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» (5:3) кездесуі жанкүйер көп жиналған ойын ретінде рекордты жаңартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболдан Қазақстан кәсіпқой лигасының хабарлауынша, 28 200 адам жиналған. Бұл ел біріншілігіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
Бұл турда шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 7:1 есебімен тізе бүктірсе, қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңді.
Аталған турда 17 қазанда алматылық «Қайрат» сырт алаңда петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, 18 қазанда «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебімен тең түссе, түркістандық «Тұран» өз алаңында семейлік «Елімайға» 3:6 есебімен есе жіберді.
Қазірге дейінгі рекордтар
2025.Астана - Қайрат, 26 153 көрермен (Астана арена, Астана, 2 наурыз);
2024. Қайрат – Ақтөбе,
22 804 көрермен (Орталық стадион, Алматы, 20 сәуір);
2023. Ордабасы – Оқжетпес, 22 168 көрермен (Шымкент, 21 мамыр);
2018. Қайрат – Астана, 19 200 көрермен (Алматы, 24 маусым);
2017. Қайрат – Астана, 19 000 көрермен (Алматы, 31 мамыр).
2016. Қайрат – Астана, 19 000 көрермен (Алматы, 23 маусым).
2011. Шахтёр – Астана, 18 900 көрермен (Қарағанды, 29 қазан).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
