6 сағат бұрын
«Ақтөбенің» қақпашысы мен капитанының ерегісіне не түрткі болды?

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасы 25-турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» кездесуінде ақтөбелік клубтан Андрей Влад пен Әлібек Қасым жанкүйерлер алдында ергесіп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл оқиға ойынның бірінші кезеңінде тіркелді. Ойын барысында екеуінің арасында келіспеушілік туындаған.
Екінші кезеңде бас бапкер Андрей Владтың орнына қазақстандық қақпашы Игорь Трофимецті шығарды.
- Үзілісте өте келеңсіз жағдай болғанын жасыра алмаймыз. Бұл ойынға қатты әсер етті. Сондықтан ойыншыларды ауыстыруға шешім қабылдадық. Бізге команданың психологиялық жағдайын өзгерту керек болды, - деді «Ақтөбенің» бас бапкері Николай Костов баспасөз мәслихатында.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
