5 сағат бұрын
Рафаэль Уразбахтин: «Давид Луис — ең тәжірибелі ойыншы»

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасы аясында Алматыда өтетін матч алдында Кипрдің «Пафос» командасындағы бразилиялық қорғаушы Давид Луис туралы пікір білдірді.
«Давид Луис — бұл ерекше тұлға, командадағы ең тәжірибелі ойыншы. Біздің командадағы Александр Мартынович секілді. Жалпы бір ғана футболшыны бөліп атаудың қажеті жоқ деп ойлаймын, өйткені бұл — тәжірибелі ұжым. Иә, олар „Реал“ немесе „Спортинг“ секілді жұлдыздарға толы команда емес, бірақ „Пафоста“ жеке шеберлігі жоғары көптеген футболшы бар.
Мұнда басты назар командалық ойынға аударылуы керек. Сондықтан мен ешкімді жеке атап көрсетпеймін», — деді Уразбахтин матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
