6 сағат бұрын

Полиция «Қайрат» – «Пафос» кездесуі қарсаңында қауіпсіздікті күшейтті

Полиция «Қайрат» – «Пафос» кездесуі қарсаңында қауіпсіздікті күшейтті

Фото: Алматы қаласы полиция басқармасы


Алматы полициясы «Қайрат» – «Пафос» футбол матчы қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері қаладағы Орталық стадионда өтіп жатқан «Қайрат» пен «Пафос» командалары арасындағы халықаралық футбол матчы кезінде жанкүйерлердің тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Полиция Департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау мен трибуналардағы бақылаудан бастап, спорт нысаны маңындағы жол қозғалысын реттеуге дейінгі барлық бағытта жұмылдырылған.

Полицияның мәліметінше, матч өткізу кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты алматылықтарға өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарау ұсынылады.

«Алматы полициясы футбол кешінің тыныш әрі жайлы өтуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Мұндай іс-шаралардағы қауіпсіздік тек тәртіп сақшыларына ғана емес, азаматтардың жауапкершілігіне де байланысты. Жанкүйерлерден тәртіп сақтап, полициямен өзара ынтымақтастық танытуды сұраймыз», – деді, Алматы қалалық ПД Қоғамдық қауіпсіздік Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полицияда атап өткендей, қабылданып жатқан барлық шаралардың басты мақсаты – спорттық мереке кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.







Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Әлемдегі құрамы ең қымбат команда анықталды

Футбол 4 сағат бұрын

Әлемдегі құрамы ең қымбат команда анықталды

Қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Футзал 4 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Футбол 4 сағат бұрын

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Регбиден Қазақстан құрамасы Шри-Ланкаға аттанды

Басқа 4 сағат бұрын

Регбиден Қазақстан құрамасы Шри-Ланкаға аттанды

Қылмыскерлер тобы 18 жастағы қақпашыны атып тастады

Футбол 5 сағат бұрын

Қылмыскерлер тобы 18 жастағы қақпашыны атып тастады

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты финалына шықты

Басқа 5 сағат бұрын

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты финалына шықты