4 сағат бұрын
Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Чемпиондар Лигасындағы жалпы кезең матчына инспектор ретінде тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойын Англияның «Арсенал» және Испанияның «Атлетико Мадрид» командалары арасында өтеді.
Кездесу 21-22 қазанға қараған түні Лондонда болады. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 00:00-ге белгіленген.
Футбол инспекторы УЕФА-ның ресми өкілі болып табылады және төрешілер бригадасының жұмысына баға береді. Кездесу қорытындысы бойынша инспектор УЕФА құзыретті органдарына жіберілетін егжей-тегжейлі есеп дайындайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
