3 күн бұрын
Чемпиондар лигасы: бүгін «Қайрат» «Пафоспен» кездеседі

Бүгін, 21 қазан күні Алматының Орталық стадионында тарихи кездесу өтеді — «Қайрат» Чемпиондар лигасының 3-турында кипрлік «Пафоспен» кездеседі. Ойын сағат 21:45-те басталады.
Алматылықтар бұған дейінгі екі ойында «Спортингке» және «Реал Мадридке» ірі есеппен жол беріп, әзірге топтағы соңғы орында келеді.
Қарсылас «Пафос» болса, алғашқы екі матчта «Баварияға» жеңіліп, «Олимпиакоспен» тең түсті.
Бүгінгі ойындар тізімі (Астана уақытымен):
21:45 — «Қайрат» – «Пафос»
21:45 — «Барселона» – «Олимпиакос» (QazSport)
00:00 — «Арсенал» – «Атлетико» (QazSport)
00:00 — «Байер» – «ПСЖ»
00:00 — «Вильярреал» – «Манчестер Сити»
00:00 — «Ньюкасл» – «Бенфика»
00:00 — «ПСВ» – «Наполи»
00:00 — «Юнион» – «Интер»
00:00 — «Копенгаген» – «Боруссия Дортмунд»
Qazsport телеарнасы көрермендер назарына «Барселона» – «Олимпиакос» және «Арсенал» – «Атлетико» матчтарын ұсынады. Ал Qazaqstan ұлттық арнасынан «Қайрат» – «Пафос» пен «Байер» – ПСЖ кездесуін тамашалай аласыздар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
