10 сағат бұрын
«Барселона» трансферлік жоспарларын жазға дейін тоқтатты

«Барселона» клубының спорттық директоры Деку командасының алдағы қысқы трансферлік кезеңдегі жоспары туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, каталондық клуб қаңтар айында құрамды күшейтуді жоспарлап отырған жоқ, себебі командадағы жағдай тұрақты.
— Қазір қысқы трансфер нарығына шығуға себеп жоқ. Маусым енді ғана қарқын алып келеді, нақты шешімдерді кейін қабылдаймыз. Ешбір ойыншы командадан кеткісі келмейді, сондықтан жоспарды қайта қараудың мәні жоқ. Егер нақты қажеттілік туса, біз әрекет етуге дайынбыз. Есімдерді атамай-ақ қояйын, бірақ жағдайды мұқият бақылап отырмыз, — деді Деку Football Espana басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Испания чемпионатының тоғыз турынан кейін «Барселона» 22 ұпаймен екінші орында тұр, ал көшбасшы — 24 ұпай жинаған мадридтік «Реал».
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
