10 сағат бұрын
«Қайрат» – «Пафос» матчының төрешілері белгілі болды

УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 3-туры аясында «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Пафосын» қабылдайды
Бұл кездесуді Англиядан келген төрешілер тобы басқарады.
Атап айтсақ, бас төреші қызметін Крис Кавана атқарады. Оған қос қапталдан Дэниэл Кук пен Иэн Хассин көмектеседі. Төртінші қазы міндеті Сэм Бэрротқа сеніп тапсырылған. Ал VAR жүйесіне Стюарт Эттуэл мен Питер Бэнкис жауапты болады.
Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін кездесу бүгін 21 қазан, сағат 21:45-ке жоспарланған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
