9 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең ойнады

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең ойнады

Фото: «Қайрат» футбол клубы

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі үшінші турда «Қайрат» пен «Пафос» (Кипр) кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Командалар бұл турнирде биыл алғаш рет қатысып отыр. Дегенмен алғашқы екі турда олар қарсыластарына есе жіберді. Сондықтан ойын барысында екеуі жеңіске күш салатыны анық еді.

Алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысқан алматылық клуб шабуылға көңіл бөлді. Осындай сәттердің бірінде кипрлік клубтан Жоау Коррея «Қайрат» қорғаушысы Луиш Матаға қарсы дөрекі қимыл көрсетті. Оны англиялық төреші Крис Кавана небәрі 4-минутта бірден алаңнан қуды. 

Жасыл алаңда он ойыншымен қалған «Пафос» ендігі кезекте негізінен қорғанысқа көңіл бөлді. Қазақстандық команда шабуылға шыққанымен лайықты тойтарыс берді. Нәтижесінде бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де алматылық клуб гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Десе де одан кейін кипрлік футболшылардың белсенділігі байқалды. Бұл сәтте Темірлан Анарбеков өз қақапасын голдан аман алып қалды.

Осылайша командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді алматылық клуб алдағы ойынын 5 қарашада сырт алаңда Италияның «Интер» командасына қарсы өткізеді. 

Алматылық футболшылар турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті. Ал плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4) және Испанияның «Реал Мадрид» (0:5) командаларынан жеңіліп қалды.  

/



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Алматыдағы матчтан басқа матчтар голға толы болды

Футбол 6 минут бұрын

Алматыдағы матчтан басқа матчтар голға толы болды

Александр Бубликтің Венадағы қарсыласы анықталды

Теннис 51 минут бұрын

Александр Бубликтің Венадағы қарсыласы анықталды

«Қайрат» Лига чемпиондары матчын Астанада өткізуі мүмкін

Футбол 57 минут бұрын

«Қайрат» Лига чемпиондары матчын Астанада өткізуі мүмкін

Хамзат Чимаевқа лайық қарсылас табылды

ММА/UFC 1 сағат бұрын

Хамзат Чимаевқа лайық қарсылас табылды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең ойнады

Футбол 9 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең ойнады

«Қайрат» - «Пафос»: ойынға тегін кіргісі келген жанкүйерлер стадион маңына жиналды 

Футбол 10 сағат бұрын

«Қайрат» - «Пафос»: ойынға тегін кіргісі келген жанкүйерлер стадион маңына жиналды