12 сағат бұрын
«Қайрат» капитаны «Астанаға» қарсы шешуші ойын туралы: «Олардың әлсіз жақтарын жақсы білеміз»

«Қайрат» командасының қорғаушысы әрі капитаны Александр Мартынович алдағы демалыс күндері өтетін ҚПЛ-2025 чемпиондығы үшін «Астанаға» қарсы шешуші ойын қарсаңында пікір білдірді.
21 қазан күні алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында өз алаңында кипрлік «Пафоспен» тең түскен болатын.
— «Астанаға» қарсы матч туралы айтсақ, бұл дерлік жаңа іріктеу кезеңі іспетті. Егер жеңіске жетсек, бірінші орынды сақтап, келесі маусымда Чемпиондар лигасындағы жолымызды жалғастыру мүмкіндігі туады.
Әрине, біз бұл сезімнің дәмін таттық, енді чемпионатты да бірінші орында аяқтағымыз келеді. Қазір арнайы дайындық жайлы айту ертерек, өйткені ойынды енді ғана тәмамдадық. Ең алдымен демалып, күш жинау керек.
«Астанамен» жеткілікті кездесулер өткіздік, оның күшті және әлсіз тұстарын жақсы білеміз. Сол себепті басты мақсат — осындай энергия мен эмоцияны көп талап еткен матчтан кейін қалпына келу, — деді беларусь футболшысы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
