2 күн бұрын
Қазақстан ұлттық құрамасы Хорватияда матч өткізеді
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жолдастық ойыны жайлы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 15 қараша күні Астанада Бельгия құрамасын қабылдайды. Одан кейін құрамамыз Фарер аралдарымен жолдастық ойын өткізеді.
Бұл ойын Хорватияның Пула қаласындағы “Алдо Дросина” стадионында өтеді. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 22:00-де жоспарланған.
Фарер аралдары осы айда әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, Черногория (4:0) және Чехияны (2:1) есебімен жеңіп кеткен еді.
Қазақстан құрамасы бұл ұжыммен өз тарихында 4 мәрте жолыққан (1 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов