9 сағат бұрын
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатының қатысушыларымен жолдастық ойын өткізеді

Фабио Каннаваро бапкерлік ететін Өзбекстан құрамасы қараша айында Дубайда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz
Өзбекстан құрамасы қарашадағы ФИФА күндері аясында Дубайда өтетін халықаралық жолдастық турнирге қатысады. Турнирге Өзбекстан, Иран, Мысыр және Кабо-Верде құрамалары қатысады.
Ойындар «Әл-Наср» футбол клубына тиесілі «Әл-Мактум» стадионында өтеді.
Айта кетейік, турнирге қатысатын елдердің барлығы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып қойған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
