5 сағат бұрын
Чемпиондар лигаснда жаңа рекорд

2025/2026 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-туры футбол тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижелілігімен есте қалды, деп хабарлайды УЕФА баспасөз қызметі.
21–22 қазан күндері өткен ойындарда жалпы 71 гол соғылды — бұл турнир тарихындағы жаңа рекорд. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш — 67 гол — екі рет тіркелген еді: биылғы маусымның 1-турында және өткен маусымның 5-турында.
Үшінші турдың алғашқы күнінде командалар 43 гол, ал екінші ойын күні 28 гол соққан. Осылайша, Чемпиондар лигасының тарихында алғаш рет бір тур аясында 70-тен астам доп қақпаға бағытталды.
Үш турдан кейін турнир кестесінде көшті «Пари Сен-Жермен» бастап тұр — 9 ұпай. Дәл осынша көрсеткішке «Бавария» да ие, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орында. Ал үздік бестікке «Интер», «Арсенал» және «Реал» да еніп отыр — олардың да еншісінде 9 ұпайдан бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
