4 сағат бұрын
«Сәл жатайыншы»: Нұралы Әліп ойын үстінде демалып алды

Қазақстан құрамасының капитаны әрі Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогындағы «Оренбургке» қарсы матч кезінде ерекше сәтпен жанкүйерлердің назарын өзіне аударды.
Кездесудің екінші жартысында, 66-минутта ол алмастырылып, ойыншылар орындығына отырған соң күтпеген жерден шалқасынан жатып демалуға шешім қабылдағандай болды. Бұл сәт телекамераға түсіп, аз уақыт ішінде әлеуметтік желілерде кең тарады.
Кейбір жанкүйерлер бұл көріністі әзілмен қабылдаса, енді бірі футболшының тығыз ойын кестесінен шаршағанын байқағандарын жазды.
Айта кетейік, «Зенит» бұл ойында сенімді ойын көрсетіп, қарсыласын 6:0 есебімен ұтты. Санкт-Петербург командасы өз тобының көшін бастап, Ресей кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Матчтан кейін бас бапкер Сергей Семак Нұралы Әліптің алмастырылу себебін де түсіндірді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
