7 сағат бұрын
Массимо Каррераның Қазақстанға сапары кейінге қалдырылды

Итальяндық маман Массимо Каррера Қазақстан футбол федерациясымен ұлттық құраманың бас бапкері қызметі бойынша келіссөз жүргізу үшін елге келмеді.
Дереккөз мәліметінше, 61 жастағы бапкер федерация басшылығымен кездесуге тиіс болған, алайда сапар жеке отбасылық себептерге байланысты кейінге қалдырылған.
Бұған дейін Каррера Қазақстан құрамасын жаттықтыруға қызығушылық танытқан еді. Ол 2017 жылы Мәскеудің «Спартак» клубын Ресей чемпионы атандырғанымен танымал. Сондай-ақ итальяндық маман бұған дейін «Ювентус» пен Италия құрамасының жаттықтырушы штабында жұмыс істеген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
