7 сағат бұрын

Футболдан Freedom QJ League үздіктерді марапаттайды

Футболдан Freedom QJ League үздіктерді марапаттайды

Freedom QJ League-тің үшінші маусымы аяқталуға жақын. Осы орайда дәстүр бойынша Лига жеке шеберлігімен көзге түскен қазақстандық жас ойыншыларды QJL Awards атты салтанатты гала-кешінде марапаттайды, деп хабарлайды Sport12.kz

Алғашқы екі жылда марапаттау рәсімі Алматыда өтсе, бұл жолы кеш Қазақстанның астанасында ұйымдастырылады. Әдеттегідей, шараға жас футболшылар, олардың ата-аналары мен жаттықтырушылары, отандық футболдың ардагерлері мен жұлдыздары, спорт мамандары, функционерлер, шенеуніктер, бизнес өкілдері қатысады.

Лига идеологиясының басты қағидаларының бірі – жас футболшыларды дамыта отырып, аға буынға деген құрметті ұмытпау. Сондықтан Freedom QJ League-тің әрбір жеке марапатына отандық футбол ардагерлерінің аты берілген. Марапаттарды ойыншылар мен жаттықтырушылардан бөлек, клубтардың басшылары, менеджерлері және медиа-маркетинг бөлімдері де алады.

Салтанатты шара 1 қарашада өтеді. Үздіктер төмендегідей марапатқа ие болады:

«Үздік қақпашы» (Александр Убыкин атындағы сыйлық),

«Үздік қорғаушы» (Евгений Яровенко атындағы сыйлық),

«Үздік жартылай қорғаушы» (Антон Шох атындағы сыйлық),

«Үздік шабуылшы» (Эдуард Сон атындағы сыйлық),

«Үздік бапкер» (Георгий Хутиди атындағы сыйлық).

Жақын уақытта басқа марапаттар бойынша да үміткерлер жарияланатын болады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Грек-рим күресінен Омар Сатаев U23 әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Күрес 2 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Омар Сатаев U23 әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

«Қайрат» – «Астана» матчының барлық билеті сатылды.

Футбол 3 сағат бұрын

«Қайрат» – «Астана» матчының барлық билеті сатылды.

Қуат Хамитов сенсациялық жеңіске жетті

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Қуат Хамитов сенсациялық жеңіске жетті

Муай-тайдағы отандасымыз Азия ойындарының ширек финалына өтті

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Муай-тайдағы отандасымыз Азия ойындарының ширек финалына өтті

Шұғыла Өмірбек күрестен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Күрес 5 сағат бұрын

Шұғыла Өмірбек күрестен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері анықталды

Футбол 6 сағат бұрын

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері анықталды