3 сағат бұрын
Ғалымжан Кенжебек, Сатпаев және Уразбахтин үздіктер қатарында
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасында үздік ойыншылар мен бапкерлер анықталды,
Басты жүлдені «Елімай» шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек иеленді. Ол екі кездесуге қатысып, «Астана» қақпасына маңызды гол соғып, командасының турнирлік кестедегі орнын нығайтуға үлес қосты.
Дауыс беру нәтижесінде екінші орынды «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев иеленді — ол екі матчта үш гол соғып, соның ішінде «Ақтөбеге» қарсы ойында (1:0) жеңіс добын соқты.
Айдың үздік бапкері атағы алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге бұйырды. Оның жетекшілігімен «Қайрат» «Ақтөбені» (1:0) және «Женісті» (3:1) жеңіп, чемпиондық додада көш бастады.
25 турдан кейін «Қайрат» 58 ұпаймен турнир кестесінің бірінші сатысында тұр. Екінші орында келе жатқан «Астанадан» екі ұпайға алда. Маусымның шешуші кездесуі 26 қазанда Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас