3 сағат бұрын

Ислам Чесноков АПЛ клубтарының назарына ілікті

Ислам Чесноков АПЛ клубтарының назарына ілікті

«Хартс» клубының бұрынғы қорғаушысы және Литва құрамасының экс-ойыншысы Саулюс Миколюнас қазақстандық Ислам Чесноковтың болашағына жоғары баға беріп, оны Англия Премьер-лигасына өтуге әлеуеті бар футболшы деп атады.

«Егер сен Ұлыбританияға келсең, барлық скауттардың назарына ілігесің және АПЛ-ға бір қадам жақындайсың. Егер Ислам өзін “Хартста” жақсы қырынан көрсетсе, әлемнің үздік лигасына жол ашылады. Қалған қазақстандық ойыншылар да өз мүмкіндігін төмен бағаламауы керек. Сіздердің құрамаларыңыздың Шотландияны 3:0 есебімен жеңгенін еске алыңыз — бұл елде үлкен таланттар өсіп келеді», — деді Миколюнас.

Айта кетейік, «Хартс» 25 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысымен еркін агент ретінде келісімге келді. Бұл — Исламның Еуропадағы екінші тәжірибесі. Бұған дейін ол Беларусьтің «Белшина» клубында ойнаған.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Қазақстан құрамасы Михал Билектің жетекшілігімен Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Шотландияны 3:0 есебімен жеңген болатын. Сол ойында Юрий Перцух, Ян Вороговский және Бахтиер Зайнутдинов гол соқты.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

MEGOGO-да құтқарушылар туралы сериалдың премьерасы дайындалып жатыр

Басқа

MEGOGO-да құтқарушылар туралы сериалдың премьерасы дайындалып жатыр

Премьер-лиганың соңғы жолдамасын күтпеген команда иеленді

Футбол 17 минут бұрын

Премьер-лиганың соңғы жолдамасын күтпеген команда иеленді

Спорттық гимнастикадан Нариман Курбанов қатысқан әлем чемпионатында сенсация тіркелді

Басқа 49 минут бұрын

Спорттық гимнастикадан Нариман Курбанов қатысқан әлем чемпионатында сенсация тіркелді

Таеквондошыларымыз әлем чемпионатының алғашқы күнін қалай өткізді?

Басқа 1 сағат бұрын

Таеквондошыларымыз әлем чемпионатының алғашқы күнін қалай өткізді?

Шавкат Рахмонов II дәрежелі  «Барыс» орденімен марапатталды

Футбол 1 сағат бұрын

Шавкат Рахмонов II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды

Басқа 2 сағат бұрын

Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды