3 сағат бұрын
«Түркістан» матчқа келмей, «Шахтерге» жеңісті сыйлады
Бірінші лиганың 26-турында күтпеген жағдай: «Түркістан» Қарағандыдағы «Шахтерге» қарсы ойынға келмеді. Нәтижесінде матч 0:3 есебімен техникалық жеңіліс ретінде тіркелді.
Қарағандылықтар турнир кестесіндегі ұпай санын 53-ке жеткізді, бірақ КПЛ жолдамасы әлі де қол жетпес деңгейде.
Лидер «Алтай» (52 ұпай) бүгін «Онтустік академиясымен» кездеседі және тең нәтиже көрсеткеннің өзінде, жоғары лигаға шығуға кепілдік алады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас