14 сағат бұрын
Шавкат Рахмонов II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Республика күніне арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.
Соның ішінде жартылай орта салмақта UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
— «II дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің шынайы бейнесін қалыптастыру мен оны шетелде насихаттау ісіне зор үлес қосып жүр», — деді мемлекет басшысы.
Бұл марапат Шавкаттың ел спорты мен Қазақстанның халықаралық имиджін нығайту жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас