13 сағат бұрын
Премьер-лиганың соңғы жолдамасын күтпеген команда иеленді
2025 жылғы Бірінші лиганың соңғы 26-туры аясында Өскеменде жергілікті «Алтай» командасы «Оңтүстікті» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Премьер-лигаға жолдама алу үшін алаң иелеріне жеңіс немесе кем дегенде тең ойын қажет болды. Сегізінші минутта Сэйф Попов есепті ашты. Ал екінші таймның басында Артем Тетерин «Алтайдың» басымдығын екі допқа жеткізді. Одан кейін Гаврил Кан мен Ибрагим Дадаев есепті ірі етіп, айырмашылықты ұлғайтты. «Оңтүстік» сапынан тек Біржан Тоқтыбайдың голымен ғана жауап қайтарды. Қорытынды есеп: 4:1.
Өскемендіктер Бірінші лига турнир кестесінде 55 ұпаймен үшінші орынды алып, келесі маусымда жоғары лигаға жолдама алды.
Айта кетейік, маусымның басында көпшілік мамандар жолдамаға фаворит ретінде «Шахтерді» санаған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов