3 сағат бұрын
«Астана» футбол клубы Ербол Қайыровқа жауап беруге дайын екендігін мәлімдеді
«Астана» футбол клубы Ербол Қайыровтың Orda.kz сайтына берген сұхбатына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
«Құрметті Гүлнар Мейранқызы!
Сізді кәсіби, объективті журналист ретінде білеміз және сіздің еңбегіңізге зор құрметпен қараймыз.
23 қазан күні Orda News YouTube арнасында журналист әрі комментаторлар Ербол Қайыров және Дмитрий Мостовойдың қатысуымен сұхбат жарыққа шықты.
Бағдарлама барысында «Астана» футбол клубының қызметін беделсіз көрсететін, клубтың абыройына және оның, соның ішінде Еурокубоктардағы жеңістеріне күмән келтіретін пікірлер айтылды.
Қайыров тарапынан айтылған мәлімдемелерде көп мөлшерде тексерілмеген, бұрмаланған және кейде шындыққа жанаспайтын деректер келтірілді.
Біз бұл жағдайда екінші тарапты да тыңдау дұрыс деп санаймыз. Сол себепті сіздердің YouTube арналарыңызға сұхбат беруге дайын екенімізді хабарлаймыз.
«Астана» ФК өкілдері сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге әзір.
Бұл қадам, ең алдымен, барлық тараптың пікіріне сүйенген объективті ақпарат алуға құқылы көрермен үшін әділ болады деп санаймыз», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының шешуші турында «Астана» клубы сырт алаңда «Қайратпен» чемпиондық ойын өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов