11 сағат бұрын
Лионель Месси дубль жасады
«Интер Майами» футболшылары MLS плей-оффының 1/8 финалының бірінші матчында «Нэшвиллді» 3:1 есебімен жеңді.
Форт‑Лодердейлде өткен ойында аргентиналық шабуылшы Лионель Месси екі гол соғып, дубль жасады. Үшінші голды Тадео Альенде еншілесе, «Нэшвилл» командасынан Хани Мухтар ғана есеп ашты.
Серияның екінші матчі 1 қарашада Нэшвиллде өтеді. Қажет болған жағдайда, үшінші ойын 8 қарашада «Интер Майами» алаңында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 38 жастағы Месси бейсенбі күні Майамидің клубымен келісімшартты 2028 жылдың соңына дейін ұзартты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас