12 сағат бұрын

«Отбасым үшін мұнда қиын»: бұрынғы капитан «Ақтөбеге» қайта келуі мүмкін

«Отбасым үшін мұнда қиын»: бұрынғы капитан «Ақтөбеге» қайта келуі мүмкін

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Леонель Струмия «Астанаға» қарсы өткен (3:5) матчтан кейінгі әсерімен бөлісіп, Қазақстанға оралғысы келетінін айтты.

«Шын мәнінде, „Астана“ ойынға жақсы кірісті және „Ақтөбеге“ қарағанда ақылмен ойнады — сондықтан олар жеңіске жетті. Үмітіміз – команда барлық бағытта өсіп, 2026 жылы Премьер-лига чемпионы атанады», — деді Струмия.

33 жастағы Черногорияның «Будучность» клубының ойыншысы Қазақстанға қайта оралуға қарсы емес екенін атап өтті:

«Менің желтоқсанда кету мүмкіндігім бар. Мұнда отбасым үшін оңай емес, сондықтан қаламын деп ойламаймын. Қандай нұсқалар болатынын көреміз. „Ақтөбеге“ қайта оралу ма? Әрқашан сүйікті клубыма оралғанға қуаныштымын. Құдайға шүкір, дене жағдайым жақсы», — деді ол.

Еске сала кетейік, аргентиналық футболшы 2023 жылдың басында «Ақтөбеге» ауысқан болатын. Өткен маусымда капитан ретінде командамен бірге Қазақстан кубогын жеңіп алды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас