11 сағат бұрын

«Шахтер» клубы АҚШ-та алғашқы футбол мектептерін ашты

«Шахтер» клубы АҚШ-та алғашқы футбол мектептерін ашты

Донецктің «Шахтер» клубының бас директоры Сергей Палкин АҚШ-та клубтың алғашқы академияларының іске қосылғанын хабарлады. Оқу орталықтары Хоршем және Клинтон қалаларында ашылды.

Палкиннің айтуынша, бұл бастама бірнеше мақсатты көздейді.

«Бұл идея бірнеше бағытты қамтиды — брендті дамыту, жанкүйерлермен байланыс орнату, серіктестер үшін коммерциялық мүмкіндіктер және, әрине, жас таланттарды табу мен тәрбиелеу», — деді ол Ratings басылымына берген сұхбатында.

Клуб басшысы мектептердің ашылуы «Шахтердің» әлемдік жанкүйерлер қауымымен байланысын нығайтып, жас футболшыларды донецк клубының философиясымен шабыттандыруға көмектесетінін атап өтті.

«Біз бұл қалаларды таңдадық, себебі онда украиналық қауымдастықтар белсенді әрі өз қалаларында „Шахтерді“ көргісі келді. Дәл осы жергілікті бастама мен жанкүйерлік рух біз үшін шешуші фактор болды», — деді Палкин.

Хоршем мен Клинтондағы академиялар пилоттық жоба ретінде ашылып отыр. Болашақта клуб АҚШ аумағында осындай оқу орталықтарының желісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Идеалды нұсқада — „Шахтер“ академиясы әр штатта пайда болып, кейін өзге елдерге де тараса дейміз», — деп қосты ол.

Палкиннің айтуынша, жобаның негізгі аудиториясы — украин диаспорасы. Алайда «Шахтер» клубы өз тарихында бразилиялық футболшыларды дамытуымен де танымал болғандықтан, оның аты бұл шеңберден әлдеқайда кең танылған.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас