11 сағат бұрын

«Бұл нағыз мафия». Мишель Платини ФИФА-ны сынға алды

«Бұл нағыз мафия». Мишель Платини ФИФА-ны сынға алды

Атақты француз футболшысы және УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини өзіне тағылған сыбайлас жемқорлық айыптарына қатысты пікір білдірді.

«Швейцариялық прокурорлар зейнетке шыққаннан кейін ФИФА-да жұмыс істеуді қалаған.

Егер бәрі бір топ адамдардың қолында болса — бұл нағыз мафия. Олар мені жоюға тырысты, бірақ одан ештеңе шықпады», — деп келтіреді Платинидің сөзін Il Messaggero басылымы.

Еске сала кетейік, Мишель Платиниге қаржылық алаяқтық бойынша айып тағылған еді, алайда оның кінәсі дәлелденген жоқ. Француз функционері 2007 жылдан 2016 жылға дейін УЕФА президенті қызметін атқарды. Ал ойыншы ретіндегі мансабында ол «Нанси», «Сент-Этьен», «Ювентус» және Франция құрамасы сапында өнер көрсеткен.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас