42 минут бұрын
«Реал Мадрид»-«Барселона» тікелей эфир
Бүгін Испания Ла Лигасының 10-турындағы ең күткен матчтардың бірі өтеді — Мадридте «Реал» мен «Барселона» арасындағы әйгілі Эль Класико тартысы болмақ. Ойын «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді және Астана уақытымен 20:15-те басталады. Кездесуді төреші Сесар Сото Градо жүргізеді.
Тікелей эфир сілтемесі ойын басталар алдында осы жерде жарияланады.
Турнир кестесі
Қазіргі таңда «Реал Мадрид» 24 ұпаймен Ла Лига кестесінде көш бастап тұр.
«Барселона» 22 ұпаймен екінші орында келе жатыр.
Командалардың кездесулер тарихы
Бұған дейін екі команда 254 рет жолыққан.
- «Реалдың» жеңістері: 105
- «Барселонаның» жеңістері: 101
- Тең нәтижелер: 48
Мадридте өткен Ла Лига ойындарында артықшылық алаң иелерінің жағында:
- «Реал» — 56 жеңіс
- «Барса» — 24 жеңіліс
- 15 ойын тең аяқталған
Бапкерлер туралы
Бұл матч Хаби Алонсоның «Реал Мадрид» бас бапкері ретіндегі алғашқы Эль Класикосы болмақ.
Ал Ханс-Дитер Флик бұған дейін «Реалға» қарсы төрт рет ойнап, барлығында жеңіске жеткен.
Командалардан жаңалықтар
Бұған дейін БАҚ «Реалдың» киім ауыстыру бөлмесінде Джуд Беллингемнің «Барселонаға» қарсы матчқа қатысуына қатысты түрлі пікірлер болғанын хабарлаған еді.
Эль Класико – бұл тек үш ұпай үшін күрес емес, футбол әлемінің басты сахнасындағы тарихи текетірес.
Матч алдында жаңалықтарды және тікелей эфир сілтемесін біздің сайттан қадағалаңыз!
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас