5 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені анықталды
Елордалық «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Назми Грипши футболдан 2026 жылғы Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Албаниялық футболшы 26 кездесуде жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасын 16 мәрте дәл көздеді. Одан кейінгі орында 14 голмен алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев тұр. Үздік үштікті 13 голмен көкшетаулық «Оқжетпес» клубының жартылай қорғаушысы Дәрен Жұмат түйіндеді.
Ал елордалық «Астанадан» Марин Томасов пен Джеффри Чинеду 11 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас