6 сағат бұрын
Эль-Класикоға шығатын негізгі құрам белгілі
Бүгін Испания Ла Лигасының 10-турындағы «Реал» мен «Барселона» арасындағы әйгілі Эль Класико тартысының негізгі құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Реал»: Куртуа, Вальверде, Милитао, Хёйсен, Каррерас, Тчуамени, Камавинга, Гюлер, Беллингем, Винисиус, Мбаппе.
«Барселона»: Щенсны, Кунде, Эрик Гарсия, Кубарси, Бальде, де Йонг, Педри, Фермин, Ямаль, Рашфорд, Ферран.
Ойын «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді және Астана уақытымен 20:15-те басталады. Кездесуді төреші Сесар Сото Градо жүргізеді.
Тікелей эфир сілтемесі ойын басталар алдында осы жерде жарияланады.
Қазіргі таңда «Реал Мадрид» 24 ұпаймен Ла Лига кестесінде көш бастап тұр.
«Барселона» 22 ұпаймен екінші орында келе жатыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов