4 сағат бұрын
Эль-Класиконың алғашқы таймы аяқталды
Испания Ла Лигасының 10-турындағы «Реал» мен «Барселона» арасындағы әйгілі Эль-Класико тартысының жарты бөлігі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Алғашқы таймның өзінде футбол жанкүйерлері 3 бірдей голға куә болды. Алдымен 22-минутта Килиан Мбаппе алаң иелерін алға шығарса, 38-минутта қонақтар сапынан Фермин Лопес таразы басын теңестірді. Әйтсе де Джуд Беллингем 42-минутта қайтадан «Реалдың» басымдығын арттырды.
Қазіргі таңда «Реал Мадрид» 24 ұпаймен Ла Лига кестесінде көш бастап тұр.
«Барселона» 22 ұпаймен екінші орында келе жатыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов