3 сағат бұрын

Эль-Класико «Реалдың» жеңісімен аяқталды

Эль-Класико «Реалдың» жеңісімен аяқталды

Испания Ла Лигасының 10-турындағы «Реал» мен «Барселона» арасындағы әйгілі Эль-Класико аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Алғашқы таймның өзінде футбол жанкүйерлері 3 бірдей голға куә болды. Алдымен 22-минутта Килиан Мбаппе алаң иелерін алға шығарса, 38-минутта қонақтар сапынан Фермин Лопес таразы басын теңестірді. Әйтсе де Джуд Беллингем 42-минутта қайтадан «Реалдың» басымдығын арттырды.

Екінші таймда гол соғылмаса да, оқиғаға толы болды. Алдымен 52-минутта Килиан Мбаппенің пенальтиден тепкен добын қақпашы Войцех Щенсны қайтарды. Одан кейін 68-минутта Джуд Беллингемнің голы есепке алынбады. Ойынның соңғы минуттары тартысқа толы болып, қонақтардан Педри екінші мәрте ереже бұзғаны үшін, алаңнан қуылды. Қорытынды есеп: 2:1.

Қазіргі таңда «Реал Мадрид» 27 ұпаймен Ла Лига кестесінде көш бастап тұр.

«Барселона» 22 ұпаймен екінші орында қалды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас