6 күн бұрын

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Астана» футбол клубына шүйлікті

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Астана» футбол клубына шүйлікті

Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Астана» клубының жеңілгеніне қуанышты екендігін жасырмады, деп хабарлайды Sport12.kz

«Мен елорда тұрғыны ретінде «Астана» командасының жеңілгеніне қуаныштымын. Себебі, бұл клубта көп жылдан бері легионерлерге ғана сенім артады.

Неге құрамында небәрі бір ғана Қазақстан азаматымен ойнайтын команда керек?

Неліктен «Самұрық-Қазына» әлі күнге дейін біздің ортақ ақшамызды шетелдік легионерлерді қаржыландыруға жұмсайды?

Президент Тоқаевтың тыйымын ұмытып қалдық па?

Жоқ әлде «Самұрық-Қазына» үшін Президенттің сөзі бұйрық емес пе?

Министр Ербол Мырзабосынов пен Федерация басшысы Марат Омаров мырзалардан осы мәселеге назар аударуды сұраймын», - делінген оның жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Козачков өз телеграм арнасында

«Астана» клубы соңғы ойында Қазақстан ойыншыларының арасынан тек Дмитрий Шомконы ғана негізгі құрамда шығарғанын атап өтіп, әлі күнге дейін легионерлерге қисапсыз қаржы жұмсалатынын атап өткен еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас