12 сағат бұрын

Максим Самородов қос гол соқса да «Ахмат» жеңіліп қалды

Максим Самородов қос гол соқса да «Ахмат» жеңіліп қалды

Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов Грозныйдың «Ахмат» клубы сапында Ресей Премьер-лигасының биылғы маусымындағы алғашқы екі голын бір ойында соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған команда бүгін өз алаңында «Сочи» командасымен шеберлік байқасты. Отандасымыз ойынның 46-минутында жасыл алаңға шықты. Ол 59-минутта алғашқы голын соқса, одан кейін 91-минутта тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

Соған қарамастан «Ахмат» қарсыласына 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Қазір «Ахмат» турнир кестесінде 16 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас