5 сағат бұрын
«Қайраттың» келесі қарсыласының ойыншысы жол апатына ұшырады
Миландық «Интердің» қосалқы қақпашысы Хосеп Мартинес өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына себепкер болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Мартинес тізгіндеген автокөлік 81 жастағы ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші мүгедек арбасында отырған. Дәрігерлер оқиға орнына жедел жеткенімен, егде жастағы азаматтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол оқиға орнында көз жұмған.
Бұл туралы еуропалық бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде Marca басылымы хабарлады.
Қазіргі уақытта Хосеп Мартинестің болашағына қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. 2025/2026 маусымында ол «Интер» сапында екі матчқа қатысып, бір гол өткізіп алған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов