7 сағат бұрын
«Қайсар» толықтай жекеменшікке өтті
Фото: «Қайсар» футбол клубы
«Қайсар» командасы толығымен инвестордың жекесіне өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде «Серый Кардианал» телеграм арнасында жазылды. Арнаның жазуынша, ол жөнінде ертең, 30 қазанда облысұа ресми сапармен келуі жоспарланып отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндалады.
Жақында облыс әкімдігінде «Қайсар» жекеменшікке беруге байланысты арнайы жиналыс өткен. Онда барлық құжат реттеліп, енді клубтың иесі болып Исламғали Қозбақов танылған. Ендігі кезекте бұл жаңалық Президентке хабарланады.
Айта кетсек, биыл Мемлекет басшысы еліміздің футбол клубтарын жекеменшлікке беруге байланысты бастама көтерген еді. Бұл тапсырманы алғашқы болып Қызылорда облысы жүзеге асырып отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас